Ақжаулықты аналар, әпке-қарындастар!

Ақжаулықты аналар, әпке-қарындастар!

☀️8 Наурыз мерекесінің ислам шариғатында негізгі жоқ, халықаралық мейрам екені баршамызға мәлім. Деседе, аталмыш күні ақжаулықты аналарымызға құттықтау сөздерін айтып, ізгі тілек білдірудің еш әбестігі жоқ. Себебі, мұсылманның мұсылманға тілек тілеуін дініміз құп көреді.

Құрметті ақжаулықты аналар, әпке-қарындастар! Шымкент медресе колледжінің ұжымы сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздердің дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға амандық, өмірлеріңізге береке, еңбектеріңізге табыс тілейді!!!
🤲 Алла Тағала дұғамызды қабыл етсін, Әмин!!!

Сансызбай Құрбанұлы Шымкент медресе колледжінде арнайы іс-сапармен

Сансызбай Құрбанұлы Шымкент медресе колледжінде арнайы іс-сапармен

Бүгін, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлы Шымкент медресе колледжіне арнайы іссапармен келіп, медресе колледж студенттерімен жүздесті. Жүздесу барысында Сансызбай Құрбанұлы студенттерге «Ихсан ілімін» кеңінен түсіндіріп, арнайы лекция оқыды.

Медресе колледж студенттері арасында Құранды жатқа оқудан сайыс өтті

Медресе колледж студенттері арасында Құранды жатқа оқудан сайыс өтті

Бүгін, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНА қарасты Шымкент қаласының орталық Ақ мешітінде Құран жаттаған Қарилар арасында жарыс өтті. Бұл сайысқа Шымкент медресе колледжінен үш студент қатысып, 5 параны жатқа оқудан екінші орынға 4-ші курс студенті Дүйсенқұл Нәби, 10 параны жатқа оқудан үшінші орынға 3-ші курс студенті Ахметжанұлы Нұрислам ие болды. Жүлделі орындарға ие болған студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!!!

Қайырымдылық – маңызды іс

Қайырымдылық – маңызды іс

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасмына қарасты Шымкент медресе колледжінің қамқоршылар кеңесі «Қайырымдылық маңызды іс» атты іс-шара аясында Шымкент қаласында орналасқан № 4 ші жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан 3 жаспен 14 жас арасындағы 41 бүлдіршін қыздарымызға түскі ас, тәттілер, сусындар әзірлеп таратып, жалпы жетімдер үйінің жай-күйімен танысып шықты. Алдағы уақытта да осындай іс-шаралар легін көбейтіп балаларды қуанту мақсатында барша азаматтарды осындай іс-шараға ат салысуға шақырамыз.

1-ші курс студенттері сабақтарын оффлайн режимде жалғастырмақ

1-ші курс студенттері сабақтарын оффлайн режимде  жалғастырмақ

2020-2021 оқу жылының екінші жарты жылдығында Шымкент медресе колледжі 1-ші курс студентерінің сабағын дәстүрлі (оффлайн) оқыту жүйесімен жалғастыру мақсатында ақпан айының 1-ші жұлдызына студенттерді медресе колледжге шақырту жоспарлануда. Соған орай Шымкент медресе колледжінде «COVID» инфекциясының таралуына жол бермеу талаптарына сәйкес арнайы іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ Шымкент медресе колледжі СЭС қызметкерлерінің тексеруінен өтіп, 1-ші курс студенттеріне оффлайн режимде сабақ жүргізуге рұқсат алды.

2020-2021 оқу жылының 1-ші жарты жылдық есебі

2020-2021 оқу жылының 1-ші жарты жылдық есебі

15.01.2021 күні Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты тоғыз медресе колледждердің арасында өткізілген онлайн жиналысқа «Шымкент медресе колледжі» қатысып, 2020-2021 оқу жылының 1-ші жарты жылдықта атқарылған шаралардың есебін тапсырды. Сондай-ақ жиналыста 2-ші жарты жылдықтың жоспары талқыланып, ұсыныстар тыңдалды.

Тіл тағдыры – ұлт тағдыры

Тіл тағдыры – ұлт тағдыры

Жуырда, Шымкент медресе колледжінің оқытушысы Бапышев Спандияр онлайн режимде 23-402 тобымен «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді.

Үздік автор-2020

Үздік автор-2020

ULY DALA USTAZY халықаралық ғылыми-педагогикалық журналының дамуына үлесін қосқаны үшін,”Үздік автор-2020”республикалық конкурсына қатысып жеңімпаз атанған Еркинбекова Меруерт.

«Рухани жаңғыру: Жастардың рухани келбетіне дәстүрлі дініміздің ықпалы» атты республикалық семинар өтті.

«Шымкент медресе» колледжінде 2020 жылдың желтоқсан айында, «Шымкент медресе» колледжінің директоры Т. Ш. Әсембай мырзаның мұрындық болуымен және»Арнайы пәндер» циклінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Жастардың рухани келбетіне дәстүрлі дініміздің ықпалы» атты республикалық семинар өтті. Аталмыш семинарда сарапшылар тобы құрылып, семинарға оң бағасын берді.

Менің тұнғыш Президентім» атты эссе шығарма байқауы өтті

Менің тұнғыш Президентім» атты эссе шығарма байқауы өтті

Бүгін 03.11.2020ж
🇰🇿1-желтоқсан күніне орай «Шымкент медресе колледжінде»
«Менің тұнғыш Президентім» атты эссе шығарма байқауы өтті 13 топтан 13 шығарма іріктеліп алынып ең үздік 3-шығармаға (1-2-3)орындар берілді.
Атап айтар болсақ:Нышанбаев Қазыбек топ басшылық еткен ІV курс студентері,
Еркінбекова Меруерт топ басшылық еткен ІІ курс студенттері,
Ибрагимов Фарман топ басшылық еткен ІІ курс студенттері қоғамдық іс шараларда белсенділік танытты.