Түлектерге диплом табысталды!!!

Талапкерлер өтінішті 3 тәсілмен бере алады…

Талапкерлер өтінішті 3 тәсілмен бере алады…

25 маусымнан бастап колледждердің талапкерлеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындарды тағайындау конкурсына өтініштер қабылдау басталады. Талапкер өтінішті 3 тәсілмен бере алады:1. Электрондық үкімет порталы арқылы eGov.kz;2. College SmartNation порталы арқылы (college.snation.kz);3. Қағаз нұсқасында.ҚР БҒМ 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығының өзгерістеріне сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын тағайындау Конкурсына қатысу үшін орта буын маманын даярлау мамандығына 4 колледжден 4 мамандыққа дейін таңдай алады. Конкурсқа қатысу үшін оқуға түсушілер негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 20 тамызына дейін өтініш береді.Колледждерді порталды пайдалану бойынша оқыту 14 маусымнан басталады. БКК өткізу күні мен уақыты 11 маусымға дейін жарияланады. Оқыту мыналарды қамтиды:- Қабылдау комиссиясын құру;- Өтініш беру;- Өтінішті тексеру;- Шығармашылық емтихандарды тағайындау және өткізу.Талапкерлерге арналған нұсқаулықтар жалпы чаттарға жіберіледі, сондай-ақ порталда орналастырылады.

Шымкент медресе колледжі талапкерлерді діни білім алуға шақырады.

Құрметті талапкер! Егер сіз діни білім алғыңыз келсе…
«Шымкент медресе колледжі» 2021-2022 оқу жылына»Исламтану» мамандығының «Имам-хатиб» және «Ұстаз» біліктіліктері бойынша 9-шы, 11-ші сынып бітіруші талапкерлерді оқуға қабылдайды.

«Шымкент медресе колледжі талапқа сай материялдық базасымен, оқу ғимараттарымен, жатақхана, кітапхана, компьютерлік, лексикалық аудиториялар, асхана сонымен қатар спорт алаңдары мен толық қамтамасыз етілген және арнайы салынған мешіт қызмет көрсетеді.

Колледжде жоғарғы санаттағы дінтанушы мамандармен бірге университет қабырғасында бірнеше жылдық іс-тәжірибесі бар оқытушылар дәріс береді.

Колледж кезекті аккредиттеуден (23.05.2020) өткен. Талапкерлер үшін арнайы мемлекеттік грант бөлініп, стипендиямен қамтамасыз етіледі.

Талапкер өтінішті 3 тәсілмен бере алады:

  1. Электрондық үкімет порталы арқылы egov.kz
  2. College SmartNation порталы арқылы (college.snation.kz)
  3. Қағаз нұсқасында

Қажетті құжаттар:

  • Аттестат немесе диплом (түпнұсқасы)
  • №86, У-ФЛЮРОГРАФИЯ
  • №63 үлгідегі дәрігерлік анықтама
  • Сотталмағаны, нарко, психо туралы анықтама (egov.kz порталынан)
  • Көлемі 3×4 сурет (8 дана)
  • Жеке куәліктің көшірмесі

Мекен жайымыз: Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Рекордный көшесі №4 үй.

Телефон:
8 (7525) 53-86-74
Моб:
+7706 610 14 53
+7771 151 27 29
+7707 427 95 15

Халықаралық отбасы күні

Халықаралық отбасы күні

Жуырда, «Шымкент медересе колледжінде» 15 мамыр «Халықаралық отбасы күніне» орай 1-ші курс 13-301 тобының кураторы Сәрекеев Өмірбек онлайн режимде ата-аналармен жиналыс өткізіп, жиналыс барысында отбасындағы асыл құндылықтар мен бала тәрбиесіне кеңінен тоқталды. Жалпы студенттердің ата-аналарымен жиі кездесу өткізу оқытушы мен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің тәрбиесі мен білімін жақсартуда өз септігін тигізетіні сөзсіз…

Ораза айт мерекесі құтты болсын!

Ораза айт мерекесі құтты болсын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Шымкент медресе колледжінің тәжірибе орталығы болған «Оразкүл ана» мешітінің ауласында санитарлық талаптарды сақтай отырып биылғы айт намазы оқылды. Айт намазын Шымкент медресе колледжінің директоры Т.Ш.Әсембай өткізді.

Сондай-ақ мешіт ауласында жұма намазы өткізілді…

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен
өткен ата апаларымыз аман болсын!
Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!
Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні

عينان لا تمسهما النار عين بكت من خشية الله و عين باتت تحرس في سبيل الله
Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі, күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі, Отанды қорғап, шекара күзеткен көз.

Құрметті Отан қорғаушылар!

Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мерекелерімен құттықтау іс-шарасы

Шымкент медресе колледжінде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мерекелерімен құттықтау іс-шарасы өтті. Ардагерлерге колледж директоры Т.Ш.Әсембай құттықтау хатын жолдады, сондай-ақ арнайы сый-сияпаттар берілді.

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы

Жуырда, 23-471 тобының кураторы Дияра Ташпулатова жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған ашық-тәрбие сағатын өткізді.

Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы

Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы

13-301 тобының кураторы Сарекеев Өмірбек ұстаз өз тобына Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерей тойына орай ашық-тарбие сағатын өткізіп арнайы бейне фильмдер көрсетті.