«Халал өнім – шариғат талабы» семинары

«Халал өнім – шариғат талабы» семинары



Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде «Халал Даму» бөлімінде «Халал өнім – шариғат талабы» атты семинар ұйымдастырылды. Семинар аясында ҚМДБ-ның «Халал Даму» бөлімінің қалалық басқылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев арнайы дәріс оқыды.

Семинар аясында халал мен харамға, оның амал-құлшылыққа тигізер әсеріне, дастархандағы астың тазалығы мен адалдығына, адал өнім тұтынудың ұрпақ денсаулығы мен тәрбиесіне тигізер ықпалына қатысты маңызды мәліметтер, пайдалы ақпараттар мен анықтамалар берілген. Әлемдік халал стандарттарында көрсетілген құнды деректерді баяндай отырып, шариғатымыз бойынша харам және күмәнді болып саналатын өнімдерден сақтанудың жолдары айтылды.

Сонымен қатар, ел Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы атынан арнайы сый-сипаттар табыс етілді. Семинар барысында ҚМДБ-ның «Халал Даму» бөлімінің қалалық басқылаушы маманы Қазыбек Сұлтанбекұлы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі