Марокко Корольдігіне жұмыс сапары

Марокко Корольдігіне жұмыс сапары


ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Марокко Корольдігіне жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының осы елдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Сәулекүл Сайлауқызымен кездесті.

Кездесуде негізінен екі ел арасындағы рухани, діни бағытты дамыту мәселелері сөз болды. Сәулекүл Сайлауқызы ең алдымен 2021 жылы ашылған елшілікті көрсетіп, жұмыс жоспарын таныстырды. Екіжақты кездесуде Марокко сапарында қол жеткізген нәтижелер айтылып, әрі қарай осы жұмысты жетілдіру жағы талқыланды.

Кездесу соңында Бас мүфти Елшіге осы сапардағы қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, құрмет көрсетті.


ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация Марокко астанасы Рабат қаласындағы имамдардың біліктілігін арттыруға арналған институттың жұмысымен танысып, кешенді аралады.

Делегацияны институт директоры Абду Салам әл-Азғар күтіп алды. Қазіргі таңда мұнда Африканың Мали, Гвинея, Кот-д’Ивуар, Нигерия және Чад елдерінен студенттер оқып жатыр.

«Бұл институт Марокко Королі VI Мұхаммедтің бастамасы аясында 2015 жылы ашылған. Ал шетел имамдарын дайындау 2017 жылдан бері жүзеге асып келеді деді» оқу орнының директоры доктор Абду Салам әл-Азғар.

Мұнда бірнеше бағытта білім береді және тігіншілік, ұста шеберлерін сондай-ақ заманауи арнайы мамандыққа да үйретеді.