«Алтын ине»  жарысы ұйымдастырылды 

«Алтын ине»  жарысы ұйымдастырылды 

«Алтын ине»  жарысы ұйымдастырылды 

Таяуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе-колледжінің қыздар бөлімінде ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша «Алтын ине» қолөнер жарысы өткізілді.Игі шара «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембайдың қолдауымен өткізілді. Игі шараға «Шымкент» медресе-колледжінің қыздар бөлімінің ұстаздары мен қалалық «Әйел-қыздар» секторының мүшелері және шәкірт қыздар қатысы.«Негізгі мақсат — қыздарымызға діни білім мен қатар тігіс тігу, қол өнер сынды ұлттық дүниелерімізді үйрету болып саналады»,- деді Талғат Әсембай.Айте кетсек, осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда Шымкент қаласы «Қаратау» өнер мектебі мен бірлесіп жиі өткізілетін болып шешілді. ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінің баспасөз қызметі

Leave a Reply