Ұстазға Ұмра қажылық жолдамасы тарту етілді

Ұстазға Ұмра қажылық жолдамасы тарту етілді

Ұстазға Ұмра қажылық жолдамасы тарту етілді

Бүгін, қасиетті Рамазан айының құрметіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе-колледжінің мұрындық болуымен үздік ұстаздарды марапаттау шарасы ұйымдастырылды.Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, қалалық «Дархан дала» отандық туризм бөлімінің жетекшісі, найб имам Мұхамеджан Естеміровтер қатысты.Ұйымдастырылған шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы аталмыш оқу ордасында он жылдам астам қызметтік өтілі бар, тәжірибелі һәм білікті маман, Құран-Тәжуид пәнінің ұстазы Өмірбек Сарекеевке Ұмра қажылық сертификатын табыс етті.Игі шара аясында «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай мырза ұстаздарды ынталандыру мақсатын ұйымдастырылған шараға үлкен қолдау көрсеткен демеуші азаматтарға алғыс айтып, ризалық білдірді.Айта кетсек, қасиетті Мекке мен Мадине қалаларына ұмра қажылыққа діни басқармаға қарасты «Tawaf_travel» қажылық компаниясы арқылы баратын болады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Leave a Reply