Талапкерлер өтінішті 3 тәсілмен бере алады…

Талапкерлер өтінішті 3 тәсілмен бере алады…

Талапкерлер өтінішті 3 тәсілмен бере алады…

25 маусымнан бастап колледждердің талапкерлеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындарды тағайындау конкурсына өтініштер қабылдау басталады. Талапкер өтінішті 3 тәсілмен бере алады:1. Электрондық үкімет порталы арқылы eGov.kz;2. College SmartNation порталы арқылы (college.snation.kz);3. Қағаз нұсқасында.ҚР БҒМ 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығының өзгерістеріне сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын тағайындау Конкурсына қатысу үшін орта буын маманын даярлау мамандығына 4 колледжден 4 мамандыққа дейін таңдай алады. Конкурсқа қатысу үшін оқуға түсушілер негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 20 тамызына дейін өтініш береді.Колледждерді порталды пайдалану бойынша оқыту 14 маусымнан басталады. БКК өткізу күні мен уақыты 11 маусымға дейін жарияланады. Оқыту мыналарды қамтиды:- Қабылдау комиссиясын құру;- Өтініш беру;- Өтінішті тексеру;- Шығармашылық емтихандарды тағайындау және өткізу.Талапкерлерге арналған нұсқаулықтар жалпы чаттарға жіберіледі, сондай-ақ порталда орналастырылады.