Шымкент медресе колледжі талапкерлерді діни білім алуға шақырады.

Шымкент медресе колледжі талапкерлерді діни білім алуға шақырады.

Құрметті талапкер! Егер сіз діни білім алғыңыз келсе…
«Шымкент медресе колледжі» 2021-2022 оқу жылына»Исламтану» мамандығының «Имам-хатиб» және «Ұстаз» біліктіліктері бойынша 9-шы, 11-ші сынып бітіруші талапкерлерді оқуға қабылдайды.

«Шымкент медресе колледжі талапқа сай материялдық базасымен, оқу ғимараттарымен, жатақхана, кітапхана, компьютерлік, лексикалық аудиториялар, асхана сонымен қатар спорт алаңдары мен толық қамтамасыз етілген және арнайы салынған мешіт қызмет көрсетеді.

Колледжде жоғарғы санаттағы дінтанушы мамандармен бірге университет қабырғасында бірнеше жылдық іс-тәжірибесі бар оқытушылар дәріс береді.

Колледж кезекті аккредиттеуден (23.05.2020) өткен. Талапкерлер үшін арнайы мемлекеттік грант бөлініп, стипендиямен қамтамасыз етіледі.

Талапкер өтінішті 3 тәсілмен бере алады:

  1. Электрондық үкімет порталы арқылы egov.kz
  2. College SmartNation порталы арқылы (college.snation.kz)
  3. Қағаз нұсқасында

Қажетті құжаттар:

  • Аттестат немесе диплом (түпнұсқасы)
  • №86, У-ФЛЮРОГРАФИЯ
  • №63 үлгідегі дәрігерлік анықтама
  • Сотталмағаны, нарко, психо туралы анықтама (egov.kz порталынан)
  • Көлемі 3×4 сурет (8 дана)
  • Жеке куәліктің көшірмесі

Мекен жайымыз: Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Рекордный көшесі №4 үй.

Телефон:
8 (7525) 53-86-74
Моб:
+7706 610 14 53
+7771 151 27 29
+7707 427 95 15