«Шымкент медресе» колледжінде 1-курс шәкірттері арасында Құран және араб тілінен медресе-ішілік жарыс өтті.





1-орын: Балатауұлы Алтынбек
2-орын: Ағабек Бақдәулет
3-орын: Мұхаммед Ахмад

Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығы ұйымдастырған қала көлеміндегі колледждердің оқытушылары мен әдіскерлері арасында «Шебер мұғалім – сапалы сабақ» атты коучинг/тимбилдинг (HR – менеджмент) семинарына қатысып, белсенділік танытқаны үшін «Шымкент медресе» колледжінің оқытушылары Саттарова Камшат, Мырзабаева Жанар марапатқа ие болды.
Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде «Халал Даму» бөлімінде «Халал өнім – шариғат талабы» атты семинар ұйымдастырылды. Семинар аясында ҚМДБ-ның «Халал Даму» бөлімінің қалалық басқылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев арнайы дәріс оқыды.
Семинар аясында халал мен харамға, оның амал-құлшылыққа тигізер әсеріне, дастархандағы астың тазалығы мен адалдығына, адал өнім тұтынудың ұрпақ денсаулығы мен тәрбиесіне тигізер ықпалына қатысты маңызды мәліметтер, пайдалы ақпараттар мен анықтамалар берілген. Әлемдік халал стандарттарында көрсетілген құнды деректерді баяндай отырып, шариғатымыз бойынша харам және күмәнді болып саналатын өнімдерден сақтанудың жолдары айтылды.
Сонымен қатар, ел Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы атынан арнайы сый-сипаттар табыс етілді. Семинар барысында ҚМДБ-ның «Халал Даму» бөлімінің қалалық басқылаушы маманы Қазыбек Сұлтанбекұлы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі
Бүгін ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе колледжінде «Адал асқа байланысты замануи мәселелері» тақырыбы аясында семинары өтті. Семинарға аталмыш оқу ордасының ұстаздары мен студенттері қатысты. Семинар аясында ҚМДБ-ның «Халал Даму» бөлімінің қалалық басқылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев ерлер бөліміне ал қыздар бөліміне технолог Аралбай Аружан арнайы дәріс оқыды. Дәріс барысында түрлі тағамдық қоспалар, ферменттер, т.б. мәселелер жөнінде түсіндіріп берді. Айт кетсек, жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинар барысында «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай ҚМДБ-ның «Халал Даму» бөлімінің қалалық қос маманына алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Марокко Корольдігіне жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының осы елдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Сәулекүл Сайлауқызымен кездесті.
Кездесуде негізінен екі ел арасындағы рухани, діни бағытты дамыту мәселелері сөз болды. Сәулекүл Сайлауқызы ең алдымен 2021 жылы ашылған елшілікті көрсетіп, жұмыс жоспарын таныстырды. Екіжақты кездесуде Марокко сапарында қол жеткізген нәтижелер айтылып, әрі қарай осы жұмысты жетілдіру жағы талқыланды.
Кездесу соңында Бас мүфти Елшіге осы сапардағы қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, құрмет көрсетті.
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация Марокко астанасы Рабат қаласындағы имамдардың біліктілігін арттыруға арналған институттың жұмысымен танысып, кешенді аралады.
Делегацияны институт директоры Абду Салам әл-Азғар күтіп алды. Қазіргі таңда мұнда Африканың Мали, Гвинея, Кот-д’Ивуар, Нигерия және Чад елдерінен студенттер оқып жатыр.
«Бұл институт Марокко Королі VI Мұхаммедтің бастамасы аясында 2015 жылы ашылған. Ал шетел имамдарын дайындау 2017 жылдан бері жүзеге асып келеді деді» оқу орнының директоры доктор Абду Салам әл-Азғар.
Мұнда бірнеше бағытта білім береді және тігіншілік, ұста шеберлерін сондай-ақ заманауи арнайы мамандыққа да үйретеді.