Жаңалықтар

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні

عينان لا تمسهما النار عين بكت من خشية الله و عين باتت تحرس في سبيل الله
Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі, күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі, Отанды қорғап, шекара күзеткен көз.

Құрметті Отан қорғаушылар!

Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мерекелерімен құттықтау іс-шарасы

Шымкент медресе колледжінде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мерекелерімен құттықтау іс-шарасы өтті. Ардагерлерге колледж директоры Т.Ш.Әсембай құттықтау хатын жолдады, сондай-ақ арнайы сый-сияпаттар берілді.

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы

Жуырда, 23-471 тобының кураторы Дияра Ташпулатова жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған ашық-тәрбие сағатын өткізді.

Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы

Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы

13-301 тобының кураторы Сарекеев Өмірбек ұстаз өз тобына Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерей тойына орай ашық-тарбие сағатын өткізіп арнайы бейне фильмдер көрсетті.

Қош келдің Рамазан

Қош келдің Рамазан

23-391 тобының кураторы Еркінбекова Меруерт апай №4 «Кәусар» интернатында «Қош келдің Рамазан» атты қайырымдылық ашық-тарбие сағатын өткізді

«Болашағымыз бірлікте 4» Ясауи кубогы республикалық пікірсайыс турнирі

«Болашағымыз бірлікте 4» Ясауи кубогы республикалық пікірсайыс турнирі

9-11 Сәуір аралығында Түрркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Болашағымыз бірлікте 4» Ясауи кубогы республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Дүбірлі додаға еліміздің барлық аймақтарынан 64 команда қатысты. Осы пікірсайысқа Шымкент медресе колледжінің «Нұрлы болашақ»дебат клубынан 2 команда қатысып «ең үздік кейс» номинациясы бойынша үздік команда деп танылып дипломмен және үздік кейс кубогымен сондай-ақ бағалы силықтармен марапатталды. Болашақта да шакірттеріміз колледжіміздің атын биік шыңдардан көрсетеді деген үміттеміз.

Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ

Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ

Жуырда, Шымкент қаласында орналасқан»SILKWAY» университетінде Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай өткен «Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтіп, колледжіміздің 1-ші курс студенттері Жолдас Досжан мен Хакім Темірлан белсенді қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.

Адамгершілік – имандылықтың ажырамас серігі

Адамгершілік – имандылықтың ажырамас серігі

Жуырда Шымкент медресе колледжінде «Адамгершілік – имандылықтың ажырамас серігі» атты тақырып бойынша 23-381 тобының тәлімгері Джумадуллаева Райхан ұстаз онлайн форматта ашық-тарбие сағаты өтті…

Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз

Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз

Шымкент медресе колледжінің қыздар бөлімінде ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесіне орай арнайы іс-шара өтті. Қазақ халқының салт-дәстүріне сәйкес
дастархан жайылып, студенттер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды…

ЖОО мен колледж студенттеріне сауалнама

ЖОО мен колледж студенттеріне сауалнама

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы ЖОО мен колледж студенттеріне дайындаған сауалнамасына «Шымкент медресе колледжінің» студенттері белсене қатысып, өз жауаптарын берді…

https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption?lang=kk