Жаңалықтар

Қош келдің Рамазан

Қош келдің Рамазан

23-391 тобының кураторы Еркінбекова Меруерт апай №4 «Кәусар» интернатында «Қош келдің Рамазан» атты қайырымдылық ашық-тарбие сағатын өткізді

«Болашағымыз бірлікте 4» Ясауи кубогы республикалық пікірсайыс турнирі

«Болашағымыз бірлікте 4» Ясауи кубогы республикалық пікірсайыс турнирі

9-11 Сәуір аралығында Түрркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Болашағымыз бірлікте 4» Ясауи кубогы республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Дүбірлі додаға еліміздің барлық аймақтарынан 64 команда қатысты. Осы пікірсайысқа Шымкент медресе колледжінің «Нұрлы болашақ»дебат клубынан 2 команда қатысып «ең үздік кейс» номинациясы бойынша үздік команда деп танылып дипломмен және үздік кейс кубогымен сондай-ақ бағалы силықтармен марапатталды. Болашақта да шакірттеріміз колледжіміздің атын биік шыңдардан көрсетеді деген үміттеміз.

Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ

Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ

Жуырда, Шымкент қаласында орналасқан»SILKWAY» университетінде Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай өткен «Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтіп, колледжіміздің 1-ші курс студенттері Жолдас Досжан мен Хакім Темірлан белсенді қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.

Адамгершілік – имандылықтың ажырамас серігі

Адамгершілік – имандылықтың ажырамас серігі

Жуырда Шымкент медресе колледжінде «Адамгершілік – имандылықтың ажырамас серігі» атты тақырып бойынша 23-381 тобының тәлімгері Джумадуллаева Райхан ұстаз онлайн форматта ашық-тарбие сағаты өтті…

Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз

Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз

Шымкент медресе колледжінің қыздар бөлімінде ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесіне орай арнайы іс-шара өтті. Қазақ халқының салт-дәстүріне сәйкес
дастархан жайылып, студенттер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды…

ЖОО мен колледж студенттеріне сауалнама

ЖОО мен колледж студенттеріне сауалнама

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы ЖОО мен колледж студенттеріне дайындаған сауалнамасына «Шымкент медресе колледжінің» студенттері белсене қатысып, өз жауаптарын берді…

https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption?lang=kk

Ақжаулықты аналар, әпке-қарындастар!

Ақжаулықты аналар, әпке-қарындастар!

☀️8 Наурыз мерекесінің ислам шариғатында негізгі жоқ, халықаралық мейрам екені баршамызға мәлім. Деседе, аталмыш күні ақжаулықты аналарымызға құттықтау сөздерін айтып, ізгі тілек білдірудің еш әбестігі жоқ. Себебі, мұсылманның мұсылманға тілек тілеуін дініміз құп көреді.

Құрметті ақжаулықты аналар, әпке-қарындастар! Шымкент медресе колледжінің ұжымы сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздердің дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға амандық, өмірлеріңізге береке, еңбектеріңізге табыс тілейді!!!
🤲 Алла Тағала дұғамызды қабыл етсін, Әмин!!!

Сансызбай Құрбанұлы Шымкент медресе колледжінде арнайы іс-сапармен

Сансызбай Құрбанұлы Шымкент медресе колледжінде арнайы іс-сапармен

Бүгін, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлы Шымкент медресе колледжіне арнайы іссапармен келіп, медресе колледж студенттерімен жүздесті. Жүздесу барысында Сансызбай Құрбанұлы студенттерге «Ихсан ілімін» кеңінен түсіндіріп, арнайы лекция оқыды.

Медресе колледж студенттері арасында Құранды жатқа оқудан сайыс өтті

Медресе колледж студенттері арасында Құранды жатқа оқудан сайыс өтті

Бүгін, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНА қарасты Шымкент қаласының орталық Ақ мешітінде Құран жаттаған Қарилар арасында жарыс өтті. Бұл сайысқа Шымкент медресе колледжінен үш студент қатысып, 5 параны жатқа оқудан екінші орынға 4-ші курс студенті Дүйсенқұл Нәби, 10 параны жатқа оқудан үшінші орынға 3-ші курс студенті Ахметжанұлы Нұрислам ие болды. Жүлделі орындарға ие болған студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!!!

Қайырымдылық – маңызды іс

Қайырымдылық – маңызды іс

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасмына қарасты Шымкент медресе колледжінің қамқоршылар кеңесі «Қайырымдылық маңызды іс» атты іс-шара аясында Шымкент қаласында орналасқан № 4 ші жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан 3 жаспен 14 жас арасындағы 41 бүлдіршін қыздарымызға түскі ас, тәттілер, сусындар әзірлеп таратып, жалпы жетімдер үйінің жай-күйімен танысып шықты. Алдағы уақытта да осындай іс-шаралар легін көбейтіп балаларды қуанту мақсатында барша азаматтарды осындай іс-шараға ат салысуға шақырамыз.