Медреседе Наурыз мерекесі өтті

Медреседе Наурыз мерекесі өтті

Медреседе Наурыз мерекесі өтті

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе колледжінің ұйымдастыруымен «Берекелі Наурыз» атты рухани мерекелік шарасы болып өтті.  

Игі шараға «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, медресе-колледждің ұлағатты ұстаздары Анарқұл Сырманов, Бейбіт Битебаев, Өркен Сапарқұлов, Руслан Абдурахман, Нұрсұлтан Басымбеков, Бахытжан Жумадуллаев т.б. ұстаздар мен шәкірттер қатысты.

Салтанатты шарада «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай мырза ұстаздар мен шәкірттерді мерекемен құттықтап, баршасына сәттілік тіледі.

Оқу ордасының жастар бөлімінің жетекшісі әрі ұйымдастырушысы Бейбіт Битебаевтың қолға алуымен   рухани мерекелік шара  барысында «Дін және спорт»  атты ұлттық спорттық ойындарға кезек берілді. Онда қол күрес, арқан тартудан, кіртасын сынды сайыстар өткізілді. Жарыста арқан тарту жарысынан  І-орынды 13-391 тобы, І-ші орынды 23-401, І-орынды 13-11-421 тобы иеленді. Ал кіртасын көтеруден І-орынды 13-481 тобы студенті Эсенбаев Зиявуддин салса,  І-орынды 13-491 тобының студенті Тәжен Айбек алды. Ал кезекті І-орын иегері 13-391 тобының студенті Кенжаев Кадиржан алды. Жарыс соңында жеңімпаздарға  өкілдіктің арнайы дипломы мен кәде-сыйлықтары табыс етілді.

Сондай-ақ, барша келуші жамағатқа наурыз көже мен бауырсақ ұсынылып, өткен ата-бабалар рухына Құран бағышталып, дұға-тілек жасалды.

ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінің баспасөз қызметі

Leave a Reply