«Сағындырған Рамазан» атты сұхбат өтті

«Сағындырған Рамазан» атты сұхбат өтті

«Сағындырған Рамазан» атты сұхбат өтті

Бүгін ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінде қасиетті Рамазан айының қарсаңында ерлер бөлімінде Әбішев Әскен ұстаздың ұйымдастыруымен «Сағындырған рамазан» атты сұхбат өтті.«Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай мырзаның бастамасымен қолға алынған кезекті шараға Әскен ұстаз қатысып, шәкірттерге Рамазан айының артықшылығы мен оразаның үкімдерін слайдтармен, кестелермен басынан-аяқ толық түсіндіріп берді. Сондай-ақ ораза ұстаушының 3 дәрежесі мен оразада ішіп-жеу мен қосылудан ғана тыйылу емес, барлық дене мүшелері: көз, құлақ, ауыз, қол-аяқ, асқазан да ораза ұстау керектігін баса айтты.Жиынға 50 шақты шәкірттер қатысып, оразаға қатысты сұрақтарына толық жауап алды.

ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінің баспасөз қызметі

Leave a Reply