Медреседе сәресі мен ауызашар ұйымдастырылды 

Медреседе сәресі мен ауызашар ұйымдастырылды 

Медреседе сәресі мен ауызашар ұйымдастырылды 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжіндегі шәкірттерге тұрақты сәресі мен ауызашар дастарханы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізіліп келеді.

Берекелі дастархан аясында «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай сөз сөйлеп, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сөзін жеткізді. Сондай-ақ, медресе-колледжінің ұлағатты ұстаздары Анарқұл Сырманов, Бейбіт Битебаев, Руслан Абдурахман, Нұрсұлтан Басымбековтар күнделікті берекелі дастархан аясында уағыз-насихат жүргізіліп келеді. 

Жалпы, қасиетті Рамазан айының барлық күндері 300-ден астам шәкіртке тұрақты сәресі мен ауызашар ұйымдастырылуда.

Шәкірттердің терең білім алуына қолдау білдірген жандарға Алла Тағала разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Leave a Reply